Ваш браузер устарел. Рекомендуем обновить его до последней версии.
Яндекс цитирования
Подпишись на новости от tarikh.kz

Подписаться письмом

   187.Төңірегі тең көрініп,  
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.
/Аспан/.

188.Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын ,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
/Көк, аспан/.

189.Бір түкті кілем,
Бірі түксіз кілем.
/Аспан,жер/.

190.Түбі көк дария,
Іші мұнара,
Отыз шешегі.
/Аспан, отыз күн/.

191.Екі тері,
Екеуі де кең тері.
/Аспан, жер/.

192.Тең,тең тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
/Аспан, жер/.

193.Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,
Еш адам ала алмайды балталаған.
/Күн мен сағым/.

194.Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.
/Ай, күн/.

195.Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.
/Ай, күн/.

196.Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз,
Шешуі қиын емес ескерсеңіз.
Болады бірі өткір, бірі өтпес,
Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз.
/Ай,күн/.

 

197.Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.
/Аспан, күн/.

198.Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады кешке дейін дамыл таппай.
/Күн/.

199.Табан, табан, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Күлген көзі күмістен,
Келе жатыр қоян ақ.
/Күн/.

Ар жағында орманның,
Ар жағында таулардың,
Алтын кеспек домалар.
/Күн/.

200.Дүниеде бір алыпты көрдім күшті,
Бар салмақ дүниедегі соған түсті,
Құнарлы қуатынан тояттанып,
Әр түрлі жер бетінде жеміс пісті.
/Күн/.

201.Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.
/Күн/.

202.Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар.
/Күн/.

203.Ұзын-ұзын сырғанақ ,
Ұшығына кім жетер?
Асыл бесік күйкентай,
Жұмыртқасын кім табар?
/Күннің батуы, шығуы/.

204.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен дүрлер шашылды.
/Күннің көзі/.

205.Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды.
/Күн/.

 

206.Жабық астында жарты күлше.
/Ай/.

207.Үй астында ақ тоқым.
/Ай/.

208.Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
/Ай/.

209.Көп моншақ ішінде бір түйір қалам.
/Ай/.

210.Керегенің басында кепкен бауыр,
Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?!
/Ай/.

211.Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы қалыбына әркім құмар,
Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді көрсе айдаһардың жүзі солар.
/Ай/.

212Күндіз әйнегі сынады,
Түнде орнында тұрады.
/Ай/.

213.Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.
/Ай/.

214.Жабықта жарты нан.
/Ай/.

215.Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі су жүзінде дірілдейді,
Тамаша қарап тұрсаң суретіне.
/Ай/.

216.Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын.
/Ай/.

217.Кейде орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар, ойлап қара, бұл немене?
/Ай/.

 

218.Үй үстінде ұсақ тас.
/Жұлдыз/.

219.Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.
/Жұлдыз/.

220.Біреуде отряд көп сан жетпейді,
Күндіз олар ешкімге көрінбейді.
Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп,
Тұруға бір орында ерінбейді.
/Жұлдыз/.

Етегім толы сөк,
221.Ерте тұрсам жоқ.
/Жұлдыз/.

222.Тақиям толған сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.
/Жұлдыз/.

223.Шым-шытыр,
Шиедей қотыр.
/Жұлдыз/.

224.Біз, біз, біз едік,
Отыз арба қыз едік,
Бір тақтайға жиналдық,
Таң атқанда жоқ болдық.
/Жұлдыз/.

225.Таң атқанша тары шаштым.
/Жұлдыз/.

226.Бірталай тары шаштым там басына,
Әуре болып толтыра алмай   қамбасына,
Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым,
Ойлағандар мәнісін аңдасында.
/Жұлдыз/.

227.Бір байдың мың қойы қоздайды екен,
Біреуі біреуінен озбайды екен.
Болғанмен алтын астау, күміс күндеу,
Болғанша қиямет қайым тозбайды екен.
/Жұлдыз/.

228.Атасы мен анасы,
Миллионнан көп баласы.
/Жұлдыз/.

 

229.Алтын бәкі,
Күміс сәкі
Қырық қысырақ,
Бір сәуірік.
/Күн, Шолпан, жұлдыз, ай/.

230.Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын?
/Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы/.

 

231.Туғанда алтау едім,
Өле-өле жетеу болдым.
/Үркер/.

232.Аспанда ұшып жүрген алты торғай,
Өмірбақи жүреді жерге қонбай.
/Үркер/.

233.Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,
О жоқ жерде өмір сүрмейсің.
/Ауа/.

234.Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.
/Ауа/.

235.Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен.
/Ауа/.


 

236.Қабақта қара бурам шөгіп жатыр.
/Қазан/.

 

237.Түгел айтсаң не барын,
Төрт құмалақта бір қарын.
/Қазан/.

 

238.Болғанда бір атасы, төрт баласы,
Адамзат толған қоршап айналасы,
Қойсаң да айдаһардың аузын ашып,
Адамға қызмет ету бар шарасы.
/Қазан/.

 

239.Бір мешкей бар төрт құлақты,
Қою, сұйық жегізіп жұртқа ұнапты.
/Қазан/.

 

240.Аяғы жоқ, қарны тоқ,
Құлағы бар, басы жоқ.
/Қазан/.

 

241.Бір нәрсе көлге қарап аузын ашқан,
Түседі аузына талай қашқан.
Болғанмен басы қиын, түбі рақат,
Онымен талай адам жағаласқан.
/Қазан/.

 

242.Атқа мінді,
Отқа қырды.
/Шойын ыдыс/.

 

243.Аузын тартса,
Демін тартқан сөзі бар.
/Шәугім/.

 

244.Айтайын мен бір жұмбақ табасың ба,
Таба алмай аң-таң болып қаласың ба?
Дарияның ортасында қоңыр үйрек,
Құйрығы дарияның жағасында.
/Қазан, қазанның ішіндегі шөміш/.

 

245.Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,
Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен,
Ішіне қарын-қарын суды құйып,
Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.
/Ожау/.

 

246.Бір таудан бір таудың басы биік,
Тұрады ортасына бәле жиып,
Бәленің зардабына шыдай алмай,
Жіберді бұтына сиіп-сиіп.
/Самауыр,керней,суы/.

 
 

247.Көрінер анадайдан сары болып,
Қайнайды от пен су сары болып,
Өзінің ұстайтұғын құлағы бар,
Және де ағызатын бұлағы бар.
/Самауыр/.

 

248.Сары ағаштан сарайым,
Ішінде жаққан қалайым,
От пен су бір жерде
Табылып тұр бір жерден әрдайым.
/Самауыр/.

 
 
 

249.Ішпей-жемей тұрады суға тойып,
Жар басынан кетеді құдық ойып.
/Самауыр/.

 
 

250.Адамға қарайтұғын қабағы жоқ,
От пенен судан басқа тамағы жоқ.
Біраздан соң қарасаң аузын ашып,
Ішіндегі қалады жабағы боп.
/Шәйнек,шәмбі/.

 

251. Бір нәрсе өзі жансыз,аяғы жоқ,
Су менен шөптен басқа қорегі жоқ,
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.
/Шәйнек/.

 

252. Мұрны ұзын,аузы көрдей қара кемпір,
Төркіні Бұқар жақта,өзі жесір,
Бір күні бұл қашып кетер-ау деп,
Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.
/Құман/.

 

253. От басында омпиған,
Омырауы томпиған.
/Құман/.

 

254. Ерте тұрып шатыра жайдым.
/Шыныаяқ/.

 

256. Тұтқасы бар ұстайтын,
Алақандай жерге қыстайтын,
Сағат болмай көшеді,
Тиіп кетсең ұшады.
/Шыныаяқ/.

  

257. Кішкене ұлым бар,
Кірген-шыққан сүйеді.
/Кесе/.

 

258. Ымпиттым да жымпиттым,
Жүнін алып сымпиттым.
/Мес/.

  

259. Түнде буаз, күндіз қысыр,
Күндіз буаз, түнде қысыр.
/Саба, етік/.

 

260. Айдаһар жылан көрдім екі басты,
Бір басы бір басынан екі елі асты.
Аузына қанша нәрсе түссе-дағы
Аптығып өз-өзінен жұта алмасты.
/Бәкі/.

 

261. Буынын басса, былқ етер,
Тайып кетсе, шық етер.
/Бәкі/.

 

262. Бір ағаштан үй тіктім, тиып-қиып,
Ішіне неше мың жан кетер сыйып,
Тек біріне ғана сен тиіп қалсаң,
Баршасына кетеді бүлік тиіп.
/Күбі/.

 

 

263. Ана беттен бір ұрды,
Мына беттен бір ұрды.
Апам ұра берген соң
Аппақ тозаң құйылды.
/Елгезер/.

 

264. Тап-тап етеді,
Астынан керуен өтеді.
/Елгезер/.

 

265. Өзі - жаңа,

Өзі - тесік.
/Елеуіш/.

 

266. Бір жансыз, өзі жаңа, дөп-дөңгелек,
Жұтатын қисабы жоқ тамақ керек,
Өзіне керек асын бере берсең,
Қылады ірлі-уақты екі бөлек.
/Елеуіш/.

  

267. Асқа бармайды,
Аспаздан қалмайды.
/Кекпір/.

 

268. Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,
Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,
Ал өзі өмір бойы жер баспайды,
Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ.
/Оқтау/.

 

269. Аппақ, ұзын қозғалмай жатыр сулап,
Сол нәрсе қолға түссе кетер турап.
/Пышақ/. 

 

270. Басына темір киген, қос құлағы
Бар екен адамзатпен ынтымағы.
Жүрмейді өздігінен сүйремесең,
Мекені отыратын тамақ жағы.
/Кастрюль/.

 

271. Мен көрдім бір теңізден темір қайық,
Әр пенде сол қайықты көрер лайық.
Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді риза болып барша халық.
/Поднос, кесе/.

 

273. Бар екен бір асыл зат белін буған,
Қаншама жиренбейді лас судан,
Кеудесінде жаны жоқ болса-дағы
Қалмайды көп жиналған ұлыдудан.
/Шылапшын/.

 

274. Аузы бар да тілі жоқ,
Терісі бар да жүні жоқ.
/Тістеуік/.

275. Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.
/Шалғы/.

 

276. Алдын ойпар,
Жанын жайпар.
/Шалғы/

  

277. Өзі бүкір,
Бүтін қырды таусады,
Қырдан қайтып,
Үйде бір жыл жатады.
/Орақ/.

 

278. Көк өгізім көл жапырып бара жатыр.
/Орақ/.

 

279. Тісі көп, аузы жоқ.
/Ара/.

 

280. Басы жоқ, екі беті, тісі бар,
Қақ  бөлер бөренені күші бар.
/Ара/.

 

281. Елу аяқты,
Екі қолды.
Салады елу аяқпен
Жалғыз жолды.
/Ара/.

 

282. Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды,
Қозғамасаң жатады,
Ештеңеден саспайды.
Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.
/Отын кесетін ара/.

 

283. Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
/Темір ара/.

 

284. Қаңылтыр қара мейіз, мыстан шеге,
Келбеті бұл жұмбақтың келер неге?
/Темір ара/.

 

285. Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар.
/Қол ара/.

 

286. Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында,
Тындырады істі ол,
Жеңілін де, ауырын да.
/Ағаш кесетін үлкен ара/.

 

287. Бір итім бар қабаған,
Маңдайына темір жамаған.
/Шапашот/.

 

288. Тоғайға барса ауылға қараған,
Ауылға қайтса тоғайға қараған.
/Балта/.

 

289. Жансыз жарады,
Жанды ұрады.
/Балта/.

290. Кішкене ғана келіншек,
Төбесінде түйіншек.
/Шеге/. 

 

291. Болғанда жалпақ табан, жалғыз тісі,
Қолында адамзаттың барлық күші,
Үстінен бірер қабат жүріп кетсе,
Нәрсенің астындағы кірер түсі.
/Сүргі/.

 

292. Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек.
/Тез/.

  

293. Қу тізе қу ағашқа құндақтаймын,
Аузымда сегіз тісім жылмақтаймын,
Бірін мініп, біреуін қыстап алып,
Үстінде анда-мында ырғақтаймын.
/Талқы/.

  

294. Бір қарыс қана бойы бар,
Әр нәрсеге айналса,
Аламын деген ойы бар.
Тізіліп тұрған тісі бар,
Бір ағаш бар мұртында,
Тістің бәрі сыртында.
/Егеу/.

295. Керегенің басында кетпен құйрық,
Кесіп алса таусылмас кепкен құйрық.
/Қайрақ/.

 

296. Жалғыз тіс, екі қолы, қос құлағы,
Бар екен барлығының ынтымағы,
Иесі ашуланып айдаса оны,
Бұрқырап бөтен жерден жол салады.
/Бұрғы/.

297. Бар екен бір айдаһар аузын ашқан,
Көргенде адам пенде заһар шашқан.
Кетеді ашуланса таудай болып,
Қайнатып қара тасты ашу басқан.
/Көрік/. 

 

298. Ұзын-ұзын қос таяқ,
Өрмелейміз ұстап ап,
Келте-келте көп таяқ.
/Саты/.

 

299. Аждаһа дию көрдім аузын ашқан,
Келгенде жем жерінде қарсыласқан,
Мінеді ағаш атқа темір қамшы,
Көр қазір қатты жүрсе тозаң шашқан.
/Диірмен/. 

 

300. Елу аяқты,
Екі шолда,
Салады елу аяқпен жалғыз жолды.
/Қол диірмен/.

  

301. Өзі тоқ,
Көлеңкесі жоқ.
/Құдық/.

 

302. Өзі бар,
Көлеңкесі жоқ.
/Құдық/.

  

303. Салбыратып салдым,
Тамшылатып алдым.
/Қауға/.

 

304. Ашықса құлайды,
Тойынса жылайды.
/Қауға/.

 

 

305. Қырық кез оқ,
Қарағай садақ,
Қырық дуадақ,
Бір арықтан су ішеді.           
/Шығыр/.

 

306. Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек.
/Иінағаш/.


307. Бір құс бар басы төмен бауы аспанда
Көзінен жас ағады тау асқанда.
Өзінің аңдып тұрған бір жауы бар,
Кетеді іліп-алып жанасқанда.
/Қауға шелек/.

  

308. Төрт мүйіз, бір құйрықты,
Тындырады бұйрықты,
Көктен бөрік киеді,
Көктен таулар үйеді.
/Айыр/.

 

309. Бір дәу жалғыз тұрып қарғылдайды,
Қызметін екі жендет бар қылады.
Ысқырып қызыл жалын шыға келсе,
Келдекпен бір-ақ ұрып дал қылады.
/Күрек/.

  

310. Ойдым-ойдым, ойдым жер,
Ойдым жердің шөбін жер.
Жабағылы көк қойды,
Жалбыратып қасқыр жер.
/Қырықтық/.

 

311. Ұзыны ұзын жатқан,
Балалары түзу жатқан.
/Мәтке/.

 

312. Тұтам ағаш тау жайлаған.
/Мұрындық/.

 

313. Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.
/Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы/.

 

314. Екі темір, бес ілгек,
Ортасында селкілдек.
/Жүген/.

 

315. Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар,
Болғанда бірі қолда, бірі белде,
Адамға әрқашанда керегі бар.
/Жүген/.

 

316. Балдыр-балдыр басынан алыпты,
Тәңірберген тамағынан  алыпты,
Құдайберген құйрығынан алыпты,
Ең мықтысы белінен алыпты.
/Жүген, сағылдырық, құйысқан, тартпа/.

 

317. Алдында екі аяғы,
Артында бір аяғы.
/Шідер/.

 

318. Жәндікке барып жабысар,
Асаумен де алысар.
Бағыт сілтеп адамға
Көмекші болып алысар.
/Жүген, ноқта/

 

319. Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,
Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.
Тамаша ұстағанын жібермейді,
Әркімнен қуаты артып, көңліне тоқ.
/Шідер/.

 

320. Аттан биік, иттен аласа.
/Ер-тоқым/.

 

 

321. Ұзын еді кестім,
Жуан еді жондым.
Құдай мұндай қылар ма,
Отыруға ыңғайлы болар ма?
/Ер/.

 

322. Таппақ, табыспақ,
Тай үстіне жабыспақ.
/Құйысқан/.

 

323. Отырғаным оба жер,
Басқаным бақыр шанақ.
/Үзеңгі/.

 

324. Кішкене ғана тостаған
Лақтырып мені тастаған.
/Үзеңгі/.

 

 

325. Жүгіріп келе жатып,
Шақшам түсті.
/Таға/.

 

326. Бір күмбездің ішінде мың күмбез.
/Таға/.

 

327. Бір нәрсе бес буынды тиегі бар.
Темірден салбыраған иегі бар,
Болғанда бірі қолда, бірі белде
Адамға, атқа да керегі бар.
/Жүген/.

 

328. Қолы төрт, аяғы екеу, белі бір кез,
Ешнәрсе оған тура келмейді кез.
Қолына түскен жанды жібермейді,
Оншама кетпейді де, жүгіріп тез.
/Шідер/.

 

329. Албыр-жалбыр бір тамыр.
/Көген/.

330. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
/Дастархан/.

 

331. Мен көрдім бір теңізден темір қайық ,
Әр пенде сол қайықты көруі лайық.
Үстіне түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді риза болып барша халық.
/Поднос, дастархан/.

 

332. Қараңғы үйде белін буған бек жатыр.
/Сыпырғыш/.

 

333. Жалпақ  бетті  батыр,
Белін буып жатыр.
/Сыпырғыш/. 

 

334. Бес жерінен буынған,
Еңбек  десе  жұмылған.
/Сыпырғыш/.

 

335. Үйде жездем жатыр,
Жез белбауын орап жатыр.
/Сыпырғыш/.

 

336. Күндіз бай,
Түнде кедей.
/Жүк/.

 

337. Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
/Сандық/.

 

338. Бір нәрсе төртпақтасып ұйықтап жатыр,
Қарнына көрінгеннің бәрін жұтар.
Адамзат қажеттісін іздегенде,
Қаңқ етіп ала ғой деп аузын ашар.
/Әбдіре/.

 

339. Төрт бұрышты,
Бір ауызды.
/Әбдіре/.

 

340. Бір итім қабаған,
Аузына темір жамаған.
/Әбдіре, кебеже/.

 

341. Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты,
Көтеріп адамзатты көңіл ашты,
Бір адым жерге өзі бара алмайды,
Аяғы болса-дағы қозғалмасты.
/Кереует/.

 

342. Көп жерде кездеспейді осы шұбар,
Шұбарға мінген жанның бәрі құмар.
Жүк артып мінсе-дағы қанша оны,
Сонда да арықтамас ол жануар.
/Кереует/.

343. Болғанда беті гүлді, асты сырлы,
Жинаған арасына жүн-жүбірді.
Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ ,
Халінше адамзатқа пайда қылды.
/Көрпе/.

 

344. Бір нәрсе өзі жансыз керіледі,
Қампиып қарны торсық көрінеді.
Қсі бар және о-дағы таңғажайып,
Сабаса екі жақтап семіреді.
/Құс төсек/.

345. Болғанда бір ауызға екі қақпақ ,
Еркінде адамзаттың ашып, жаппақ.
Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,
Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.
/Шкаф/.

 

346. Дүниеде бір қақпас бар құйған қыштай,
Ішінде түрлі аң жатыр іші пыспай.
Қапастан сол аңдарды шығарған соң,
Отырар құрмет етіп ұстай-ұстай.
/Шкафтағы зат/.

 

347. Жайсам - жамшыдай,
Жисам - қамшыдай.
/Шымылдық/.

 

348. Түнде түйедей,
Күндіз түймедей.
/Шымылдық/.

 

349. Жайса - көлдей,
Жиса - жеңдей.
/Шымылдық/.

 

350. Жатса - қояндай,
Тұрса - түйедей.
/Шымылдық/.

 

351. Керегенің басында
Мақпал қоржын.
/Тұтқыш/.

 

352. Аяғы жоқ , қолы жоқ ,
Көйлегі көк, қарны тоқ.
/Жастық/.

 

353. Кішкентай ғана мінтас,
Алып ұрсам сынбас.
/Тұтқыш/.

354. Табан-табан, табан-ай,
Табаны жалпақ қоян-ай,
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған қоян-ай.
/Айна/.

 

355. Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің  ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе.
/Айна/.

 

356. Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат.
Жүк артсаң әсте белі майыспайды,
Құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат.
/Үстел/.

 

357. Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,
Табылар тарапынан түрлі жеміс.
Төртеуі ағайынды тату екен,
Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс.
/Үстел/.

 

358. Төрт келінге бір орамал.
/Үстел/.

 

359. Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді,
Үстінен оның, сірә, жан түспейді,
Шаршамас, белі талмас, сондай мықты,
Тұруға жалықпайды, беріспейді,
Міні жоқ, бойы сұлу болғанменен,
Таңырқап оны адам көріспейді.
Мінезі сол нәрсенің сондай жуас,
Бір-бірін бөтен малдай тебіспейді,
Жұмысын салтаң мініп бітірмесе,
Жегуге арба шана көніспейді,
/Орындық/.

360. Адам жоқ, салмақ салмаған,
Орны жоқ, кезіп бармаған.
Тізе бүкпей әлі тұр,
Сонда да таяғы талмаған.
/Орындық/.

361. Бар екен бір асыл зат белін буған,
Қаншама жиренбейді лас судан.
Жаны жоқ, кеудесінде болса-дағы,
Қалмайды көп жиылған ұлы дудан.
/Шылапшын/.

362. Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады.  
/Сабын/.

363. Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.
/Сабын/.

364. Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты
Дөңгелек екі басы ай сияқты.
Төрт есік,мәткесі бар,уығы жоқ,
Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,
Құс төсек мамық жастық, біреу жатыр,
Көңілі уайымсыз жай сияқты.
/Бесік/.

365. Бір жігіт үш белбеу байланады.
/Бесік/.

366. Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды.
/Бүркіт/.

 

367. Далаға отау тіктім қонақ үшін,
Қонақ кісім ақылы шолақ үшін,
Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,
Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.
/Бүркіт/.
 

368. Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.
/Бүркіт/.

369. Таудан тоқым лақтырдым.
/Бүркіт/.

370. Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім,
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.
/Бүркіт/. 

371. Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр.
/Бүркіт/.
 

372. Елең, елең етті,
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.
/Бүркіт/.
 

373. Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде
Шошаңдайды құйрығы.
/Бүркіттің қоянды алуы/.

 

374. Ерте тұрады,
Жар шақырады.
/Қораз/.
 

375. Басы тарақ,
Арты орақ.
/Қораз/.
 

376. Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне неше түрлі тон жамылып,
Басады мас адамша талтақ-талтақ.
/Қораз/.

 

377. Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.
/Қораз/.

 

378. Бір топ қамыс ішінде
Шақырады жанды гүл.
/Қырғауыл/.

 

379. Бір топ жыңғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.
/Қырғауыл/.

 

380. Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.
/Сауысқан/.

 

381. Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,
Белінде белбеуі бар күлпарадан.
/Сауысқан/.

 

382. Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,
Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.
/Жарқанат/.

 

383. Бар екен бір мақұлық шағын ғана,
Мекені күндіз оның биік жарда.
Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті,
Ұшады кешке таман күн батқанда.
/Жарқанат/.

 

384. Әкесі тышқан,
Шешесі құстан.
/Жарқанат/.

 

385. Күндіз жоқ,
Түнде бар.
/Жарқанат/.

 

386. Жар басында жарбиған,
Құлақтары қалбиған.
Тышқан, құс аңдып жүреді,
Бұл құсты кім табады?
/Жарқанат/.

 

387. Күндіз ұшпас,
Түнде ұшар,
Құс қанатты,
Тышқан суретті.       
/Жарқанат/.

 

388. Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.
/Үкі/.

 

389. Мысық бастан,
Жапалақ түстен.
/Үкі/.

 

390. Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа табамын.
/Көкек/.

 

391. Даланың көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып бір араға ойбайлайды,
Кез келген дүниеге ол бір жарым.
/Торғай/.

 

392. Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
/Қара торғай/.

 

393. Желіп кетсе, жеткізбейді,
Тап қасында жатса да адам көрмес.
/Бөдене/.

 

394. Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.
/Бөдене/.

 

395. Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
/Тоты құс/.

 

396. Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты.
Аулайды балық күн ұзын,
Түсіреді еске жирафты.
/Балықшы құс/.

 

397. Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?
/Тоқылдақ/.

 

398. Қызыл жыңғыл түбінде,
Қыздай болып отырмын.
Беті-қолымды жуып алып,
Мұздай болып отырмын.       
/Қырғауыл/.

 

399. Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.
/Қаз, қу/.

400. Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.
/Қаз/.

 

401. Екі аяғы да жоқ,
Белінде таяғы да жоқ.
/Жұмыртқа/.

 

402. Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап,
Басына бөрік киер қара пұшпақ.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Тұрады екі қолын артына ұстап.
/Ала қарға/.

 

403. Ұзын сирақ, түйе бас,
Жібек жалды қара шаш.
Қарап тұрсаң керуен,
Жасағаны серуен.
/Тырна/.

 

404. Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.
/Үйрек/.

 

405. Шелектеп құйсаңда су жұқпас.
/Үйрек/.

 

406. Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды.
/Тауық/.

 

407. Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
/Тауық/.
 

408. Ағаш басында,
Тас арасында,
Әр алуан қуыста
Түндіксіз отау.
/Ұя/.

409. Құдай шебер ме,
Құрқылтай шебер ме?
/Ұя/.

410. Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.
Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.
Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.

/Бүркіт, қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын құйрығы, сегіз найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры, алтын шатыр-томағасы/.

411. Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан,

Қырық сегіз қызды болдым бір алуан.
Қатар өскен бар менің он екі ұлым,
Бір ұлым бар олар да ерек туған.
(Бір жыл, қырық сегіз жұма,он екі ай,бір ай)