Ваш браузер устарел. Рекомендуем обновить его до последней версии.
Яндекс цитирования
Подпишись на новости от tarikh.kz

Подписаться письмом
Жумбак

1. Мойынынаң ұстаймын, ішінен қыдықтаймын. Ол не?

 

2. Бір муйізіді, бір көзді.

 

3. Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді.

 

4. Асқар тауда қара орман.

 

5. Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың.

 

6. Ти, ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

 

7. Тақырда тайдың ізі.

 

8. Сәуле астында жүз ине.

 

9. Алам аяқ, алам аяқ,

Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.

 

10. Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр.

 

11. Жалт-жұлт етеді,

Жалмай-жалмай жұтады.

 

12. Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.

 

13. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған.

 

14. Келеді үлкен алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып,

Әрбірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.

 

15. Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін дүние жүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі.

 

16. Әй, керемет бір ит бар,

Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді,

Ұлықсатсыз ол иттен

Адам үйге кірмейді.

 

17. Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ.

 

18. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

 

19. Судан алады,

Суға салса өледі.

 

20. Ақ отаудың есігі де жоқ,

Тесігі де жоқ.

 

21. Ерте тұрдым,

Алып ұрдым.

 

22. Ерте тұрдым,

Екі айыр жолға түстім.

 

23. Төрт қарны бар,

Бір аузы бар.

 

24. Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем.

 

25. Үй үстінде ұсақ тас.

 

26. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.

 

27. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

 

28. Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз.

 

29. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

 

30. Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас.

 

31. Айдалада ақ отау,

Аузы, мұрны жоқ отау.

 

32. Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

 

33. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

34. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.

35. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

 

36. Әшейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің.

 

37.  Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

 

38. Көлбең-көлбең етеді,

Жер түбіне жетеді.

 

39. Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді.

 

40. Жеке өзін жей алмайсың,

Онсыз асты аузыңа салмайсың

 

41. Телеграф бағаны деп қаласың,

Насосқа ұқсастығын табасың.

42. Мысыкта бар, кушекте жок.

Ыдыста бар, алмада жок.

 

43. Белі букір - алыска тукір

44. Шым - шытыр,
Шидай қотыр.
 

45. Денесі жоқ,
Аузы бар,
Аяғы жоқ,
Қолы бар.
 

46. Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
 

47. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды.

48. Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.

49. Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер.

50. Қызыл сиырды байлап салдым,
Көк сиырды айдап салдым.

51. Ұзыннан ұзақ,
Көкке дұзақ

52. Бір нәрсе әділ етті,
Әділ етті де өліп кетті

53. Қара тайым мықты,
Қара бием сүтті

54. Қарны қартас,
Мұрны бұртас,
Атқа мінбес,
Жаяу жүрмес

55. Өзі жаңа, өзі тесік

56. Жақсы жерге жүреді,
Жаман жерде жатады

57. Егіз екі қарсы келді,
Арасына көк мұз тусе берді,
Біреу жанды, біреуі жансыз

58. Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады.

59. Төрт бұрышты,
Бір ауызды

60. Асқар тауда, қара орман

61. Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы,
Желкілдейді шудасы.

62. Үккені -тас,
Төккені -ас.

 

63. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

64. Cол аяқ пен оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.

65. Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар.

66. Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.

 

67. Төрт аяқтап жүрсе де,
Өмірде бір озбаған.
Көп жыл шешпей келсе де,
Тас пешпенті тозбаған.

68. Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.

69. Өмірі шықпай үйден бір,
Өз үйін өзі сүйреп жүр.

70. Бір көзім “кідір: дейді,
Бір көзім “жүгір” дейді.
Бір көзім “абайла” дейді
“Қарап ал маңайға” дейді.

71. Бұдан бір қорқады,
Судан бұл қорқады.

72. Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Таппайтұғын жолы жоқ.

73. Бойын жерге жасырған,
Бұрышы бар жасылдан.

74. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасын биік белеңге.

75. Биік тауда өседі,
Белден қарды кешеді,
Өзгертпейді түр-түсін,
Қымбат әрі кез жұрт үшін.

76. Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады.

77. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.

78. Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.

79. Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?

80. Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.

81. Күн ашықта құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын.

82. Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.

83. Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.

84. Сырты жаз,
Іші қыс.
Бұл не?

85. Өзі қысқа,
Өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңде ұста.

86. Денесі киізден,
Табаны мүйізден.

87. Көзім көрмес бір дарақ:
Он екі бұтақ,
Бір жапырақ.

88. Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.

89. Азанда шашып тастайды,
Ымыртта жия бастайды.

90. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.

91. Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.

92. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.

93. Аяғы бар, етігі жоқ,

Қалпағы бар, басы жоқ.

94. Бақшадан келген ала доп

95. Зынданда отырған қызыл бикештің шашы көшеде. Бұл не?


96. Үнемі тонын киіп отырады, оны шешкенді жылатады

97. Өзі момын,
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Ұрмайды, соқпайды
Бірақ ауыртпай жылатады.

98. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан.

 

99. Басы мен құйрығы бір арқанның бойында,
Ысылдайды, шағады, ирелектеп тынбайды. 

100. Тартылған екі арқаны ұзын бойға,

Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла.

Әр жерде аршындалған балдағы бар,

Ойнайды оң бармағың білсе қайла.

 

101. Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,

Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық,

Жаз болса көк шалапты сапырады,

Шөмішін бір шығарып, бір батырып.

 

102. Ізі бар қадамы жоқ, аяғының,

Тимейді ұшы жерге таяғының.

Қос қолын хайуанға арта салып,

Салады әуезіне баяғының.

 

103. Өзі «әліптің» таяғы,

      Жалғыз көзді баяғы,

      Қойсаң егер арқандап,

      Ісіне көңілің тояды

 

104. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазнасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық.

 

105. Денесі жоқ,

Аузы бар,

Аяғы жоқ,

Қолы бар.

 

106. Бір қазанда екі түрлі сүт турар

 

107. Жарты жыл жадырайды,

    Жарты жыл қалтырайды.

 

108. Төбемде «төбешік»

    Келеді ілесіп,

    Нөсерлі жаңбырда

    Жоқ болса хал нешік?

 

109. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,    

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.

 

110. Бір ат бар бесеу ара, өзі жорға,

Саламын жорғалатып жолдан жолға.

Найзамен қар үстіне суды құйып,

Ғажайып бір іс қылдым осы жолда.  

                                   

 111. Қар астынан мойынын созды

    Қар кеткен соң «өмірден озды»

                                               

112. Арқасы бар, басы жоқ

    Аяғы бар, қолы жоқ

    Бәріне ортақ бір дене

    Адамға жақын етене

 

113. Түпсіз терең тұңғиық

    Бүкіл әлем тұр сыйып

114. Үлкен ой
Үлкен ойдың ішінде,
Кіші ой,
Кіші ойдың ішінде,
Балуан би

115. Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған.

116. Ашамайды арта салдым,
Айыл жібін тарта салдым.

117. Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?

 118. Тыру тыру тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам, сорпасы адал,
Ол не болар балалар?

119. Қиып қойсаң анасын,
Жеуге болар шикідей,
Бұл іске қайран қаласың.

120. Тұла бойы тыста,
Екі құлағы іште.

121. Күндіз толады,
Түнде солады.

122. Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.

123. Үші тың тың,
Екі жылтың.
Төрт тап тап,
Қап қара сатпақ,
Бір былғаныш.

124. Жел жел жел бием,
Желіндесе кім білер,
Жау жапырақ түбінде,
Құлындаса кім білер.

125. Орманнан шығар,
Сырты шұбар.
Ала түрлі,
Кілтең сырлы.

126. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.

127. Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.

128. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды,
Жерге көмсең кірмейді.

129. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

130. Лұғатпен жұмбақ қылып сөз бастайын,
Жаралды бір мақлұқ үлкен жайын:
Өзінің басы жеті, қолы он екі,
Отыздан саусағы бар қол бас сайын;
Жиырма төрт құлағы бар бір басында,
Жолдас боп жүрер оның кім қасында?
Бірі ақ, біреуі көк екі көзі,
Тұрады бадырайып арқасында.

131. Алтын аяқ,
Жете алмадым,
Жалаң аяқ.

132. Қыналы бармақ,
Жез оймақ. 

133. Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.

134. Бауыздасаң қан орнына су ағар.

135. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.

136. Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.

137. Қисық ағашқа қар жұқпас

138. Екі тері, екеуі де кең тері.

139. Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.

140. Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер.

141. Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.

142. Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.

143. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем

144. Өлсеңде өлмейді,
Өлмесең де өлмейді.

145. Әне барды өзі,
Көрінбейді ізі.            

146. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар

147. Ауыз бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.

148. Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық

149. От басында құмған,
Екі көзін жұмған

150. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар сапары жоқ


151. Салбыратып салдым, тамшылатып алдым

152. Екі аяғын көтердім, ортасынан итердім

153. Салсам тұрады, суырсам солады

154. Таңмен көзін ашады,                                     

Әдемге нұр шашады.


155. Ортасында шегесі                

Жіп-жінішке денесі   


156. Түсі аппақ кардан да,

Жесең тәтті балдан да.


157. Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. 
-----------------------------------------------------------------------------------------------

158. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

 

159. Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді.

 

160. Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

 

161. Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі.

 

162. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.

 

163. Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елде іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

 

164. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар.

 

165. Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер – тамағы,

Шөлге шыдап бағады.

 

166. Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

 

167. Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады.

 

168. Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампыйып.

 

169. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар

 

170. Мыцықтан бұл қорқады,

Бұдан піл қорқады.

 

171. Өзі таудын бөктерінде өседі,

Жаңа жылда үй төріне келеді.

 

172. Табаныма байладым,

Қос таякпенайдадым.

 

173. Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге.

 

174. Табанға тақтым,

Жалпақ қақтым,

Зырлап бақтым.

 

175. Мыцықты қорқады,

Түнде жортады.

 

176. Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған.

 

177. Аяғы жоқ жүреді,

Тілі жоқ сөйлейді.

 

178. Қырға кілем жайылды

 

179. Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен?

 

180. Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

 

181. Онға, солға мейлін мың

Оқысан да елеңмін.

Қ-дан бастап, қанеки,

Атымды атар менің кім?

 

182. Орманда жоғары

Ғашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады.

 

183. Орманда сайрайды,

Сайраудан талмайды

 

184. Бұландаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы

 

185. Бір топ жынғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл.

 

186. Ай астында ақ мамық

Жатыр суды жастанып

 

187. Таусылама, қарандар,

Табиғаттын қызығы?

Суық жақтағы жануар –

Бұтақ-бұтақ мүйізі.